Бюджеттен қаржы қарастырылмаса да, Семей көшелері жөнделмек
Биылғы бюджетте аталмыш жолдарды жөндеу қарастырылмаған. Алайда облыс әкімінің қолдауының арқасында даңғылды орташа жөндеу бойынша жобаны іске асыру басталды.
- Әуезов даңғылынан бөлек, биыл Жаңа Семей аймағындағы тағы бірнеше көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Ең алдымен жағдайы өте нашар Молдағалиев көшесі жөнделеді. Соның нәтижесінде біз көлік жүктемесі өте көп Әуезов даңғылын және басқа да көшелердегі қозғалысты айтарлықтай жеңілдете аламыз, сонымен қатар бұл көше жол көпіріне жылдам апаратын қысқа жолға айналады, - деп мәлімдеді Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.Бұған қоса, аталған екі көшені байланыстыратын шағын көшелер де жөнделетін болады. Жол жөндеумен қатар, абаттандыру жұмыстары да қоса жасалады.
- Келесі жылға арналған жұмыстардың көлемі де белгілі. Қазан айына дейін бірқатар жұмыстарды аяқтауымыз керек, атап айтқанда 22 көшеде топырақ төгу және көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Тағы 8 көшеге асфальт төсеу жоспарлануда. Басым көпшілігі жолаушылар тасымалдайтын автобус жүретін көшелер, - деп қосты баспасөз қызметінде.