ru24.pro
Новости по-русски
Сентябрь
2015

Алматыда су добынан әлем біріншілігі өтеді

0

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Rakhat Fitness» спорт кешенінде 4-12 қыркүйек аралығында су добынан 20 жасқа дейінгі жастар арасында  Әлем біріншілігі өтеді. Оған Қазақстаннан басқа, Хорватия, Испания, Мажарстан, Черногория, Қытай, ОАР (Оңтүстік Африка Республикасы), Жапония, Мексика, Австралия, Сербия, Мысыр, Аргентина, Иран, Өзбекстан, Грекия, Италия, Голландия және Канада елдерінің ұлттық құрама командалары қатысады.