Н.Назарбаев Астана-Исламабад-Бейжің форматындағы транзиттік-көлік ынтымақтастығының алғышартын атады
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстан, Пәкістан және Қытай арасында транзиттік-көліктік ынтымақтастық үшін нақты жағдайлар бар. Бұл туралы ҚКП ОК жанындағы Партиялық мектептің тыңдаушылары мен профессорлық-оқытушылық құрамы алдында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.