Түлектерді сынақ мерзімінсіз жұмысқа қабылдау нормасы жойылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қолданыстағы Еңбек кодексінде жұмыс беруші ЖОО және колледж түлектерін жұмысқа сынақ мерзімінсіз қабылдауға міндетті деген норма жаңа Кодекстен алынып тасталды. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.