Айдын Айымбетовке отандастары сәт-сапар тіледі - Қызылорда облысы (ФОТО)
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қыркүйектің екінші жұлдызында ғарышқа үшінші қазақ - Айдын Айымбетов ұшады. Байқоңыр ғарыш айлағынан сапарға аттанатын отандасымызбен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, сондай-ақ тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров кездесіп, сәт-сапар тіледі. Вице-премьер ғарышкерге Елбасы сәлемін жеткізді. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.