Ай мен Айдын
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Аспанда жұлдыз аралап, Ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат». Бұқар бабадан қалған бағзы сөз Құдайдың екі аяқты пендесіне дәл берілген анықтама екен. Қымызын ұрттап, қойын құрттап, іргесі түрулі киіз үйдің ішінде жатып, тұтас адам баласының мінезін ашатын бір ауыз сөзді қолмен қойғандай етіп айта салғанына қайран қаласың.