ОҚО Польша бизнесі үшін Орталық Азия өңіріндегі негізгі алаңға айналмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Польша бизнесі үшін Орталық Азия өңіріндегі негізгі алаңға айналуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерік Үтембаев пен құрамында Польша бизнесінің ірі өкілдері, ғалымдар бар делегация мүшелерімен кездесу барысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов айтты.