ru24.pro
Новости по-русски
Сентябрь
2015

«Алматыкітап» алдындағы кезек

Оқу жылы басталысымен қаламыздағы «Алматыкітап» алдында адамадар кезекте тұрып оқулықтар алуда. Бұл жыл сайын болатын жағдай, баспа саны көбейгенімен оқулықтар үнемі тапшы. Былтыр пайдаланылған оқулықтар биыл неліктен жарамсыз болып қалатыны белгісіз. Кейде жағдайды ата-аналардың өздері де ушықтырып жатады. Мәселен, дәл сол кітаптарды кезекте тұрып таусылмай базардан да төменірек бағамен алуға болады. Не дегенмен, оқу жылы басталғаннан кейін емес, басталмас бұрын ата-аналарды балалары қандай оқулықпен оқитыны туралы хабардар етілсе жақсы болар еді.