ru24.pro
Новости по-русски
Апрель
2021

Семей қаласында құтқарушылар 30 адамды эвакуациялады

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел келіп жетті, олар бірінші кезекте қатты түтінденген аймақтан 30 адамды, оның ішінде 10 баланы эвакуациялады. 

Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 15 шаршы метрде өртті сөндірді және одан әрі таралуына жол бермеді. Өртті сөндіруге барлығы жеке құрамнан 15 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. ШҚО ТЖД Өрт сөндіру зерттеу сынақ зертханасының мамандары орын алған өрттің себебін анықтап жатыр.

ШҚО ТЖД нысан иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы, қызметкерлерге қауіпсіздік нұсқауларынан өту және өрт кезінде әрекет ете білу қажеттігі туралы ескертеді.

Өрт болған жағдайда дереу 101 және 112 телефондары арқылы хабарлау қажет.