Өскеменде «Айыппұлсыз жыл» - акциясы жалғасуда
Жиынның мақсаты – әскери қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылық фактісін азайту.
- Статистика бойынша әскери қызметшілержасаған әкімшілік құқық бұзушылықтың 85 пайызы - Қазақстан Республикасының жол жүру ережелері талаптарының сақтамау. Әсіресе жүйелі түрде белгіленген жылдамдықты асырғандықтары үшін әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалар толтырылады, - дейді Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімі әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің бастығы әділет майоры Асхат Рамазанов.Жиын барысында Өскемен гарнизонының прокуроры лауазымды тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылықтардың себептеріне сараптама жасап, шара қолдануды талап етті.