ru24.pro
Новости по-русски
Декабрь
2020

Nur Otan партиясының өкілдері Нұрлы көш ауылының тұрғындарымен кездесті

Кездесу барысында қандас бауырлар Өскемен қаласындағы Нұрлы көш ауылындағы түйіні шешілмей келе жатқан бірқатар мәселелерді ортаға салды.           
-      Нұрлы көш ауылындағы көшелер қыста қардан тазартылмайды. Қыс бойы тек бір көшені тазартады. Жол жоқ болғандықтан жедел жәрдемді де шақыра алмаймыз, - дейді ауыл тұрғыны Сәлім Жанасбек.
Ауылдықтардың басын ауыртып, балтырын сыздатар мәселелердің қатарында автобус та бар бар. Өйткені Нұрлы көш пен қала ортасына бір ғана автобус қатынайды. Ол да белгілі бір уақытта ғана жүреді, ал халық қарасы көп. Одан өзге, ауылдықтар бұндағы үйлердің де сапасы сын көтермейтінін, кейбірінің әлден қирап жатқанын айтады.

Ағайынның мұң-мұқтажын тыңдаған партия мүшелері бұл мәселелер назардан тыс қалмайтындығын айтып сендірді.      
- Nur Otan партиясының мақсаты - халықтың әл-ауқатын жақсарту. Елдің көркеюінде Nur Otan партиясының рөлі зор. Алдағы уақытта да үлкен жобаларды жүзеге асырып, халықтың игілігіне жұмыс жасаймыз. Сонымен қоса, ұлттық мұрамызға да мән бере отырып, ел ішінде айтыс пен көкпар, ат спорттарын ұйымдастыратын боламыз, - дейді "Отандастар" қорының өкілі Әскерхан Ақтай.
Айта кетейік, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында басымдылық берілген 17 бағыттың бірінде де қандастарға қолдау жасалатындығы көрсетілген: қандастарымызға жедел әрі нақты қолдау көрсетеміз; Қазақстан қоғамына деген өзара құрмет пен сенім негізінде қандастардың үйлесімді интеграциясы үшін жағдай жасаймыз; шетелдегі қандастарға қолдау көрсетеміз.

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы Nur Otan партиясының Сайлау қорының қаражатынан төленді.