Бастауыш сыныптарға жаңа пән енгізу ұсынылды
Олар мектептерде бастауыш сыныптарға жаңа пән енгізу туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдірумен қатар, олардың құқықтық тәрбиесі мен жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу жөніндегі пәрменді жұмыс қажет. Мұндай қажеттілік зорлық-зомбылық мәселесі тек отбасында емес, мектепте де, көшеде де бар екенін көрсетеді. Осыған байланысты жалпы білім беретін мектеп бағдарламасындағы міндетті пәндер тізбесіне адам құқықтарының негіздерін енгізу ұсынылады, - деді Нұртөре Жүсіп Сенат отырысында.