ru24.pro
Новости по-русски
Август
2020

Алтайда бес тұрғын үй салынуда

Алтай ауданы бойынша тұрғын үй алу кезегінде 1159 адам тұр.

- Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғындар саны 1159. Оның ішінде 945-і әлеуметтік осал топқа жататындар болса, 24-і көпбалалы отбасы. Жеке құрылысшылар есебінен жаңа тұрғын үй салу арқылы көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Алтай қаласында 5 жер үй  құрылысына қатысты меморандум бекітілді. Құрылысқа арналған жер учаскелері рәсімделіп, аумақтық жоспарлау жұмыстары жүргізілді, - дейді аудан әкімі Қалиқан Байғонысов.
 
Оның айтуынша, ауданда жұмыссыз тұрғындардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері бар көрінеді, мердігерлер жергілікті тұрғындарға жұмыс беруге дайын екендігін айтқан.