ru24.pro
Новости по-русски
Июль
2020

Абай ауданында су құбырлары жаңартылуда

Бұл туралы аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған.
- "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында аудан бойынша 29 жоба қолға алынды. Соның ішіндегі маңызды жобалар - Архат пен Қасқабұлақ ауылдарындағы су құбырларының ескіруіне байланысты жаңарту жұмыстар жүргізілуде. Архат ауылының 1,3 шақырым, Қасқабұлақ ауылының 5,6 шақырым жеріндегі құбырларды жаңартамыз, - деп жазды аудан әкімдігінің әлеуметтік парақшасында.
Жүргізіліп жатқан жұмыс сапасына жергілікті тұрғындар дән риза.
- Ауданымыз күн сайын көркейіп, гүлденіп келеді. Туған жер төсінде осындай игі істер мен құрылыстар оң нәтижесін бере берсін, - дейді тұрғындардың бірі Жадыра Есенбаева.