Жылу маусымына дайындық басталды
"Қыс қамын жаз ойла" дегендей аудан әкімі қазандықтың жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігін баса айтты.
- Орталық қазандық тұрғындарды жылумен қамтамасыз етудің маңызды объектілерінің бірі. 2020-2021 жылы жылу беру маусымын уақтылы бастау үшін дайындық қажет. Биыл "Жұмыспен қамту жол картасы – 2020" бағдарламасы аясында қазандықты жөндеуді жоспарлап отырмыз, - дейді Алтай ауданының әкімі Қалиқан Байғонысов.