ru24.pro
Новости по-русски
Октябрь
2019

Шығыста мал саны артқан

Мал шаруашылығының барлық түрлерінен облыста өсім бар. Сүт өндірісінің негізгі ошағы Күршім, Тарбағатай, Үржар аудандары, ал жұмыртқа өндіруден алдыңғы орынға Ұлан, Глубокое, Алтай, Үржар аудандары шыққан. Үржар мен Алтай аудандарының құс өсіру шаруашылықтары да үздіктер қатарынан көрінген.

Ірі қара мал (14,4%) табынының үлес салмағы бойынша облыс республикада Алматы облысынан кейін екінші, қой саны бойынша (8,8%) төртінші, жылқы саны бойынша (14,3) бірінші орын алады.

- 2019 жылдың бірінші қазанындағы мәлімет бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарында 1 миллионнан астам бас ірі қара мал (2018 жылдың тиісті күніне қатысты алғанда 107,5%), екі миллионға жуық қой мен ешкі (98,4 %), 404 мың жылқы (111,4%), 0,6 мың түйе (89,3%), 4,3 миллион бас құс (93,0%) бар, - дейді Ауыл шаруашылығы статистикасын қалыптастыру басқармасының бас маманы Эльмира Рахимова.