ru24.pro
Новости по-русски
Май
2015

1 маусым қарсаңында жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсетіледі

Аталған әлеуметтік көмекпен 600-ге жуық адамды қамту жоспарлануда. «Дар» қоғамдық қоры тұрмысы төмен отбасылардың балаларына киім түрінде материалдық көмек ұсынатын болады.

Сонымен қатар, ведомствоға қарасты мекемелерде мерекелік іс-шаралар өткізілмек:

Астана қаласы әкімдігінің «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы-баспанасы» КММ балалардың қатысуымен «Ертегі әлемінде» атты көрініс, сайыстар, сыйлықтарды тарату және мерекелік концерт, қала бойынша ойын алаңдарына экскурсия жоспарлануда.

Астана қаласы әкімдігінің балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінде балалардың қатысуымен мерекелік концерт өтіп, сыйлықтар таратылады.
 Дерек көзі: inform.kz