ru24.pro
Новости по-русски
Май
2015

Нөсер жаңбыр салдарынан Қазақстанда егін науқаны кеш басталуы ықтимал - В.Божко

«Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл жағдайдың ерекше екенін халықты алдын ала хабардар етіп отырғаны құптарлық жағдай. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында егін жұмыстары кешіктірілуде, себебі соңғы кездегі нөсер жаңбыр жерді ылғалдандырып, көліктердің алқапқа шығуын қиындатып жіберген. Бұл егін егу науқанын кешіктіреді», - деді ол.

Оның айтуынша, бұл жағдай диқандар үшін ауыртпалық тудыруы мүмкін.

«Әрине, кешігіп басталған егін егу науқаны, күзгі жиын-терімнің де уақытын кешіктіретіні сөзсіз. Ол былтырдағыдай егістіктің қар астында да қалуына әкеп соқтыруы да мүмкін. Бірақ жұма күні бізде Астанада плюс 30 градус болады деп болжанып отыр. Жер біршама кеуіп, кәсіпкерлер мен диқандар астық егуді тезірек қолға алады деп ойлаймын», - деді вице-министр.
Дерек көзі: inform.kz