Павлодар облысының әкімі Жаңабет ауылындағы мектепке жаңа компьютерлер сыйлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Болат Бақауов бүгін Ақтоғай ауданы Жаңабет ауылындағы Қимадиден Нығманов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде болып, оқу орнына компьютерлер сыныбын сыйға тартты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.