Дүбірге толы дүние
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл елде парламент сайлауының өтуіне бір жарым айдан аз уақыт қалса да, үлкен күрестің лебі сыртқа естіле қоймайды. Басқа жерлерде, тіпті бір жыл бұрын-ақ саяси шайқас болып жатады. Сірә, сайлау науқаны мұнда елішілік сипатта жүріп жатса керек, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санында.