Рио-2016: Бүгін төртінші күн, қоржында төрт медаль...
РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарының төртінші жарыс күні де артта қалып барады. Бұл күні еліміздің қоржынына үшінші қола медаль түсті, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі бүгінгі өткен жарыстарға қорытынды жасап.