Е. Ыдырысов ЕҚЫҰ СІМК отырысында ҚР Президентінің терроризммен күрес жөніндегі бастамасын қолдауға шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Белградта Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің (ЕҚЫҰ СІМК) кезекті 22-ші отырысы жұмысын бастады. Онда 2016 жылғы Сербияның төрағалық етуі кезіндегі Ұйымның жұмыс қорытындылары шығарылып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Шарада Қазақстан делегациясын ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов басқарды.