Қызылордада металл қалдықтарын өңдеу зауыты салынады
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен сәулет-қала құрылысы кеңесінде «Шах-Исмаран» ЖШС-нің металл қалдықтарын өңдеу зауытының эскиздік жобасы талқыланды.Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.