Судья лауазымына кандидаттар психологиялық тестілеуден өтетін болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады. Аталған заң жобасы Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 17-ші қадамын орындау мақсатында әзірленген.