Қазақстанның автонарығы ескірген автокөліктерден қорғалатын болады - А. Рау
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның автонарығы ескірген автокөліктерден қорғалатын болады. Бұл туралы бүгін Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.