Украина Президентімен көптеген мәселеде ортақ түсіністікке келдік - Н.Назарбаев (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Украина Президенттері көптеген мәселеде ортақ түсіністікке келді. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге алғашқы мемлекеттік сапармен келген Украина Президенті Петр Порошенкомен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.