ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: Ажал сәлемдемесі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүбірге толы дүние бұл аптада да дүрбелеңмен өтті десек артық емес. Мәселен, Құрама Штаттардың біріндегі колледжде үш тапаншасы мен мылтығы бар бір адам 9 студенті атып өлтіріп, тағы 7-еуі жарақаттады. Ал осы қанды оқиғадан бір күн бұрын Қытайда өмірден түңілген бизнесмен жарылғыш зат салынған сәлемдеме таратып, соның салдарынан 10 адам өлсе, 50-ден астам жарақат алды.