Елімізде мемлекеттік аудиттің кешенді жүйесі құрылатын болады - Мәжіліс
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Құжат Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы тапсырмаларын іске асыруға бағытталады.