Трамвайды орнынан қозғауға полиция пәрмен берген жоқ - Алматы ІІД
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық полициясы трамвайдың қатысуымен болған апатқа полицейлердің қатысы жоқтығын мәлімдеді. Баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің айтуынша, апатты жағдайда тоқтаған трамвайды орнынан қозғауға полиция пәрмен берген жоқ.