Бейжіңде мәжіліс депутаттары қазақстандықтардың құндылықтары жайлы баян етті
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар үшін бейбітшілік пен қоғамдық келісім ең биік құндылық болып табылады. Бұл туралы Бейжіңде өткен «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы: Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі» атты дөңгелек үстел барысында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Надежда Нестерова мәлімдеді.