Вьетнамдық туристер ЭКСПО-2017 көрмесіне келуге және қазақстандық туризм нарығының әлеуетін зерттеуге қызығушылық білдіруде
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігі Хошимин қаласында өткен Халықаралық туризм көрмесінің жұмысына қатысып, оның шеңберінде Вьетнам Социалистік Республикасының (ВСР) Мәдениет, спорт және туризм министрі Хоанг Туан Аньмен кездесу өтті. Кездесу барысында Вьетнамның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу мәселесі тағы да қозғалды.