Сәби өліміне себепші болған емші
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы, педиатр Айнаш Ғұбайдуллинаның айтуынша, бірінші оқиға өткен жылы күзде орын алды. Аталған емші Бөрлі ауданынан алып келген жеті айлық баланы қышаға орап тастап, ата-анасына бір тәулік бойы ашпаңыз деген. Сегіз сағаттан кейін қарағанда, сәби күйіп қалған. Екінші оқиға биылғы сәуірде болған. Алматыдан Оралға келіп, жас босанған ана қырық күндік нәрестесін емшіге қаратқанда, «кіндігінде жарық бар» деп түгел орап тастаған. Сәби ақыры сепсистен көз жұмды. Кейін хирургтер қарағанда, балада кіндік жарығы жоқ болып шықты. Таяуда осы емшіге қаралған Теректі ауданы Подстепный ауылынан қырық күндік егіз бала да осындай жағдайға ұшырай жаздады.
Өкінішке қарай, мұндай ата-аналар баланың құқығын бұзып, дәрігерлерге қаралмай, емшіге баруды жөн көреді. Бұл бағытта ішкі істер, прокуратура органдарымен бірлесіп, алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Дерек көзі: kaztimes.com