Бельгия чемпионатында тағы бір футболшының алаңда жүрегі тоқтап қалды
Ойыншы алаңда есінен танып құлап, ауруханаға жансақтау бөліміне жатқызылды. Спортшыға жүрек талмасы диагнозы қойылды. Қазір Никоның жағдайы тұрақты, бірақ ауыр деп бағалануда.
Еске салсақ, осы жылы сәуірде Бельгияда «Генком» командасымен кездесу өтіп жатқан сәтте «Локереннің» 24 жастағы қорғаушысы Грегори Мертенс те алаңда жүрек талмасынан ажал құшқан болатын.
Дерек көзі: kaztimes.com