Павлодарда Кутузов көпірі төсемінің опырылып қалуына
«Алишер» ЖК-нің сарапшысы Сержан Атамбаев агенттікке берген сұхбатында апатты жағдайдың орын алуына ағынды сулар себеп болуы мүмкін.
- Трамвай жолдарындағы құм үйінділері болуы мүмкін. Сонымен қатар су бұрғыш құралдары жоқ. Менің ойымша, ағынды сулар жолдың осы тұсына келіп, шайып кеткен. Көпір 1962 жылы салынған. Жылдар өте келе ескіріп жатыр, - дейді С. Атамбаев.
Жалпы, автомобиль өткелінің тозуы күрделі жөндеу жұмыстарын қажет еткен. Сол себепті бұл іс жоспардан тыс атқарылды. Бұл игілікке қалалық бюджеттен 133 млн. теңге бөлінді. Өткен жылдың шілдесінде жөндеуге жабылған көпір желтоқсан айында пайдалануға берілген. Нысанның жоғары бөлігі қалыпқа келтіріліп, жол төсемесі ауыстырылған.
Пайдалануға берілген кезде көпірдің беріктігі көпір мен үйінді аралығындағы қиылысқа дейін тексерілді. Ал кірме жолдар тасада қалды. Бұл жер жөнделген жоқ, - деп түсіндірді Сержан Атамбаев.
Павлодар қаласының әкімі Болат Бақауов топографиялық жұмыстардың мәліметтері бойынша опырылып қалған тұстың астында кәріз жүйесі жүргізілуі қажет болғанын хабарлады.
- Ешбір инженерлік қызмет су тасқынының себебін білмейді. Ыңғайсыз жағдайдың орын алуына кәріз жүйесінің жарылуы немесе ағынды сулар түрткі болуы мүмкін. Жол төсемінің опырылуына су құбырлары мен кәріз жүйесіндегі ақауы себеп болса, бұған тиісті мекемелер жауап беруі керек. Ал жергілікті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары аладағы жол төсемелерінің жағдайын толыққанды бақылауда ұстай алмайды, - дейді Б. Бақауов.
Бүгінде апат орын алған көпірде көлік қозғалысына шектеу қойылмаған. Павлодар қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Михаил Романевич жол бойымен жүретін трамвайларға қауіп төнбейтінін алға тартты.
- Мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында комиссия құрылады. Ал «Трамвайлар жүретін орын опрылылып кете ме?» деген сауалды қою орынсыз, - дейді төтеншелік.
Дерек көзі: pavlodarnews.kz