Маңғыстау облысында құрылысшы әріптесін балғамен ұрып өлтірді
Маңғыстау облысы ІІД басшысы Амангелді Досахановтың айтуынша, Ақшүкір ауылындағы құрылыс орындарының бірінде қасақана өлтірілген ер кісінің денесі табылды деп жазды «Лада».
Белгілі болғандай, мейрам күндері құрылысшылар жұмыс орнында тойлатпақшы болған. Ішімдікке масайып алған құрылысшылар сөз таласының соңы қанға ұласып, бірі екеншісіне балғамен тап береді. Ол құрбанының бас тұсынан балғамен ұрғылап, кейін сүйменмен ұрып өлтірген.
«Біздің қызметкерлер күдіктінің Ақтау қаласында тұратынын анықтады. Полицияға өз есімдерін жұмысқа тұрарда жалған есімдермен алмастырған құрылысшы мен оның танысын анықтау оңайға соқпады. Бірі адам өлтірсе, екіншісі қылмыстың куәгері болған. Күдіктілер ұсталды. Бізде олардың кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар бар», — дейді Досаханов.
Ұсталған 28 жастағы ер кісінің бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін істі болғаны анықталды. Құрылысшы қамалып, танысынан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
Дерек көзі: nur.kz