ru24.pro
Новости по-русски
Май
2015

Ақтөбеде 11-сынып оқушысы 7 қабаттан секіріп кетті

Кейбіреулер қыздың өзіне қол жұмсауына ҰБТ-ның сынама тестін сәтсіз тапсыруы себеп болды деген болжамдарын айтуда. Ал мектеп қызметкерлері қыздың қаза болуына сынақтың еш қатысы жоқтығын алға тартты.

Полиция тергеу амалдарын бастады. ІІД бойжеткеннің өзіне қол жұмсамас бұрын хат жазып қалдырғанын мәлімдеді.

“Қазір барлық болжамдар тексерілуде. Қыздың хатта не жазып кеткенін этикаға қайшы келетіндіктен айта алмаймыз”, – деді Ақтөбе облысы ІІД баспасөз-қызметінің басшысы Ардагер Уайдин.

Дерек көзі: nur.kz