ru24.pro
Новости по-русски
Май
2015

Әскери музыканттар Астана көшелерінде концерт өткізді

Екі қабатты экскурсиялық автобуспен ҚР қорғаныс министрлігі орталық ансамблінің әртістері елорданың көрнекті көшелерін аралай жүріп концерт қояды. Ол Ақжол көшесі – Абылай хан даңғылы – Қабанбай батыр даңғылы («Азия Парк» СОО) – «Бәйтерек» монументі – Ақжол көшесі бағыттарында өтті.

Осы орайда ҚР ҚМ орталық ансамблінің әртістері Астана көшелерін аралай жүріп жол бойы олар соғыс жылдарындағы танымал әндер мен билерді орындады, сондай-ақ өз бағыттары бойынша тоқтаған әр пунктте кішігірім әскери-патриоттық концерт өткізіп, елорда тұрғындары мен қонақтарына шарлар мен ҚР қарулы күштерінің бейнесі бар базарлықтар таратты.

«Жеңісті жырлаймын» акциясы елорда қонақтары мен тұрғындары үшін ерекше тосынсый болып қана қоймай, астаналықтар мен барлық қазақстандықтарға жақын қалған мерейтой күнін тағы бір мәрте еске салып, отансүйгіштік рухты көтеруге ықпал етті. Осы мақсатта қазіргі уақытта еліміздің барлық аумақтарында өткізіліп жатқан осындай акциялар ҰОС ардагерлеріне арнап көрсетілген ілтипаттың бір бөлігі болып табылады.