ru24.pro
Новости по-русски
Март
2015

Әз-Наурыз келеді деп Астанамыз жік-жаппар

Әне-міне дегенше наурыз да келіп қалды. «Әз болмай мәз болмайды» - демекші, көктем шуағын шашып, күн мен түн теңеліп, жаңа жыл басталды. Өткен өкпе-реніштерін кешіріп, ауыл аралап, ұлттық ойындар ойнатылып аса бір қуанышпен өтетінін білеміз.
Астана да осы мейрамға аса дайындық үстінде, қаламыздың оң және сол жағалауларында киіз үйлер құрылуда. Іші толған қазақи бұйымдар бар бұл үйлерде наурызға қарсы ас беріліп, көже мен бауырсақ таратылатын болады. Астанаға киіз өте жарасады, қазақтың иісі аңқып тұрған бұл көрініске елордамыздың қонақтары да таң тамаша.