Висенте Лоссерталес мырза, ЭКСПО-ға қазақ елі дайын ба өзі?
Висенте Лоссерталес құрылыс алағындағы тәртіп пен жинақтылыққа таң қалғанын, әрі қолда бар бас жоспар жақсы жазылғанын, оның әрі ЭКСПО-ның ұйымдастыру бойынша өткізілетін іс-әрекеттерге сәйкес келетіні туралы айтты.
Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Т. Ермегияев: « Біз кестеге сәйкес жұмыс жасап қоймай, кейбір тұстарда одан оза қимылдап жатырмыз. Осы қыста құрылысшылар іргетасын құйды, кейбір павильондарда металл құрылмалар орнатылып, кейбіреуі қазірдің өзінде шынымен қапталып қойған. 3500 жұмысшы құрылыс жұмыстары уақытылы аяқталатынына кепілдік беріп отыр. Біз 2016 жылдың соғына қарай құрылысты аяқтауды жоспарлағанбыз, алайда қазір оны тамызға қыркүйектің басына дейін аяқтау міндетін алдымызға қойып отырмыз»,- деді.
Конференция барысында спикерлер БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, жалпы жоспар мен болжамдар туралы жете түсіндіріп кетті.