ru24.pro
Новости по-русски
Март
2015

Ақмола облысында 8 жасар бала өзін әкесінің мылтығымен атып алды

Қайғылы оқиға 16 наурыз күні Малоалександровка ауылында болды. Қорықшы болып жұмыс істейтін баланың әкесі қару сақталған сейфтің кілтін байқамай қалдырып кеткен.
"Кәмелетке толмаған ойын жасындағы бала қаруды алып, өзінің басынан атып жіберген. Ол оқиға орнында көз жұмды", - дейді агенттікке ақпарат берген дереккөз.
Оның айтуынша, қару заңды түрде тіркелген, иесі қару ұстау кезінде қандай да бір ережелерді бұзбаған.
Бүгінде аталған оқиға бойынша тергеу басталды.
Дерек көзі: nur.kz