ru24.pro
Все новости
Декабрь
2024
1 2 3 4 5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Тамара Дүйсенова «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту», Ауыл аманаты» және «Серпін» жобаларының жүзеге асуымен танысты

0

Қызылжар ауданының Пресновка ауылында жаңа фельдшерлі-акушерлік пункт ашылды. Өңірге сапар барысында Тамара Дүйсенова мен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жаңа медициналық мекеменің жабдықталуымен танысып, тұрғындармен әңгімелесті. Жаңа нысан 1.8 мың адамға медициналық қызмет көрсетпек. Жаңа ФАП «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды.  Жоба аясында биыл ауылдарда 38 медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде.

Тамара Дүйсенова Петропавлдағы әлеуметтік дәріханада дәрілік заттарды таңбалау жұмысымен танысты. Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу жобасына облыстағы 25 медициналық ұйым қатысады.  Олардың барлығы 2D сканер және деректерді жинау терминалмен жабдықталған және ақпараттық жүйелерге біріктірілген. Вице-премьер көпсалалы облыстық аурухананы аралау барысында медициналық мекемелердің бас дәрігерлерінің қатысуымен денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша кеңес өткізді. 

Бескөл және Явленка ауылдарында Премьер-Министрдің орынбасары «Сатыбалдин» құс шаруашылығы шағын фабрикасы мен «Шамшуменов» кіші фермасында болды. Бұл жобалар «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асты. Явленкада барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен жиын өтіп, онда «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Өткен жылы бағдарлама бойынша өңірде ауыл тұрғындарына жеке кәсібін дамыту үшін 236 жеңілдетілген несие берілді.

Сондай-ақ, вице-премьер жаңа шығармашылық орталығында креативті жастармен кездесіп, экономиканың жаңа бағыттарын дамыту бойынша ұсыныстар айтылды.  

Университеттің жаңа корпусында «Серпін» түлектерімен тілдесті. Кездесуде аталмыш жобаның түлектерін қолдау мәселесі талқыланды. Биыл өңірде «Серпін» түлектерін жұмысқа орналастыру, кәсіпорындарда бекіту және әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған жобалау кеңсесі ашылды. Кеңсені облыс әкімінің орынбасары басқарады, құрамына мемлекеттік органдар басшылары мен жұмыс берушілер кіреді.