ru24.pro
Все новости
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

СҚО полицейлері Kozybayev University студенттерімен қауіпсіздік шаралары туралы өзекті ұсыныстармен бөлісті

0

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері Kozybayev University студенттерімен кездесіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша маңызды ұсыныстарын ортаға салды. Кездесуге университеттің әртүрлі курстарынан 300-ден астам студент қатысты. Шара барысында полицейлер жастарға экстремизмнің және терроризмнің алдын алу, сондай-ақ интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.

Кездесуді университеттің психологиялық қызметі ұйымдастырды. СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл және криминалдық полиция басқармаларының офицерлері ғана емес, сонымен қатар Солтүстік Қазақстан адвокаттар алқасының адвокаты Елена Игнатенко және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі Ақерке Абылайхан да сөз сөйледі.

Спикерлер қазіргі заманғы қауіптерге ерекше назар аударды, атап айтқанда терроризм, кибералаяқтық және лудомания тақырыптарын қозғады. СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Милена Балацкая интернет-алаяқтардың бейнеқоңырау арқылы адамдармен байланысып, биометриялық деректерді пайдаланып, несиелерді заңсыз рәсімдеу қаупі туралы ескертті.

Кездесу барысында EGOV жеке кабинетінде банктік несиелер мен микрокредиттерден бас тарту мүмкіндігінің тиімділігі де талқыланды. Қонақтар бұл шараның өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды қадам екендігін атап өтіп, студенттерге бірнеше профилактикалық ұсыныстар берді.

Юрий Клыков
СҚО ПД баспасөз қызметі