Ішкі істер органдарының 30 қызметкеріне мемлекеттік наградалар тапсырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекесін атап өту аясында «Алатау» спорт кешенінің алдындағы қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған ішкі істер органдары қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне арналған монументке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
