ОҚО шаруалары көктемгі дала жұмыстарына толықтай дайын
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы шаруалары көктемгі дала жұмыстарына толықтай дайын. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі жылдағымен салыстырғанда 400 гектарға артып, жалпы көлемі 772,8 мың гектарды құрап отыр, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.
