“Балаңызға дуа жасалған“: қазақстандықтарға жаңа схема туралы ескертілді
Қазақстандықтарды "балаң қатты дуаланған" деген хабарламалар қорқыта бастады. Бейтаныс адамдар өзін емші, көріпкел немесе балгер ретінде таныстырып, "қауіпті белгілер" туралы айтады, сосын ақшалай сыйақы үшін "дуаны қайтаруды" немесе баланы "емдеуді" ұсынады. Полиция ескертуі бойынша, алаяқтар осылайша тұрғындардың жақындары үшін қорқыныш сезімін пайдаланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Балаңызға дуа жасалған"
ІІМ мәліметінше, бұл айла-шарғы әлеуметтік желілердегі немесе мессенджерлердегі хабарламадан басталады. Бейтаныс адам өзін "емшілік", балгерлік немесе эзотерика саласының маманы ретінде таныстырып, баланың басына қауіп төніп тұрғанын айтады.
Ата-ананың үрейін туғызу үшін алаяқтар "қатты дуа", "теріс энергияның әсері" немесе өзге де ойдан шығарылған мәселелерді алға тартады. Осыдан кейін жағдайды ақшаға шешуді - "емдеу" жүргізуді, "дуаны қайтаруды" немесе белгілі бір "қажетті заттарды" сатып алуды ұсынады.
"Дуа" туралы хабарлама келсе не істеу керек?
Ең бастысы - ақша аудармау және қысым көрсетілген жағдайда сөйлеспеу керек.
Егер бейтаныс адам балаңызға қауіп төніп тұрғанын және тек өзі ғана "көмектесе" алатынын айтса, тоқтап, ақпаратты тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеріп алған жөн.
Сондай-ақ полиция мыналарды ұсынады:
бейтаныс адамдарға жеке деректеріңізді бермеңіз;
банк картасының деректері мен СМС-кодтарды жолдамаңыз;
күмәнді адаммен жазысқан хаттарды сақтап қойыңыз;
егер ақша аударып қойған болсаңыз, чектер мен аударым мәліметтерін сақтаңыз;
алаяқтық күдігі туындаса, 102 нөмірі бойынша полицияға хабарласыңыз.
"Есіңізде болсын: алаяқтар адамдардың сенімін, олардың жақындары үшін қорқынышы мен үрейін пайдаланады. "Дуа", "көз тию", "сиқыр" және осыған ұқсас тақырыптарды желеу етіп ақша талап ету - алаяқтық әдістерінің бірі болуы мүмкін. Егер сізден осылайша ақша талап етсе немесе сіз алаяқтардың құрығына түсіп қалсаңыз, дереу 102 нөміріне хабарлаңыз", - деді ІІМ өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде ерекше хабарлама туралы видео тараған болатын. Онда ерлі-зайыптыға неке тіркеуін ұзарту үшін 21 345 теңге төлеу ұсынылған. Әділет министрлігі мұндай рәсімнің бар-жоғын түсіндірді.