ru24.pro
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Пашинян: Армения Еуроодаққа мүше болудан бас тартпайды

0

Армения премьер-министрі Никол Пашинян елдің Еуропалық одаққа (ЕО) мүшелікке өту процесін бастау туралы заңнан бас тартуға ниетті емес екенін мәлімдеді. Саясаткер бұл туралы бейсенбі күні өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz News.am агенттігіне сілтеме жасап.

"Бұл заңның қабылдануы дұрыс қадам болды. Қазіргі процесті мен оң бағалаймын", – деді ол.

Пашинян ЕО-ға кіру туралы шешімді азаматтық қоғам мақұлдағанын айтты. Ол мұндай шешімді "күш қолдану арқылы" қабылдау мүмкін емес екенін атап өтті.
Премьер бұл заң Арменияның сыртқы саясатындағы елеулі жетістіктеріне септігін тигізді деп санайды.

"Мүмкін оның (заңның – ред. ескертпесі) күшін жоярсыздар?" дейтін серіктестеріміз бар. Мен бұған үнемі бұның мүмкін емес екенін айтып келемін. Өйткені бұл жерде тек парламенттің ғана емес, армян халқының да саяси ерік-жігері жатыр", - деді Пашинян.

Армения кейінгі бірнеше ай бойы ЕО-ға мүшелікке өту туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. 24 тамызда Пашинян елдің жақын арада Еуроодаққа мүшелікке өтуге өтінім беру процесін бастауға ниетті екенін мәлімдеді.
Мамыр соңында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары бірлескен мәлімдеме жасап, Ереванды Еуропалық одаққа кіру немесе ЕАЭО-ға мүшелікті сақтау мәселесі бойынша референдум өткізу арқылы сыртқы экономикалық бағытын айқындауға шақырған болатын.