Түркістан облысындағы мектепте мұғалімдер мен ата-аналар төбелесіп қалды
Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде педагогтер мен ата-аналар төбелес шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.
Видеоға түсіріліп, кейін әлеуметтік желілерде тараған бұл оқиғаны аудандық білім бөлімі де тексере бастады.
Ауыл мектебіне қоғамдық белсенділер келгені анықталды. Олардың келу мақсатын анықтау кезінде тараптар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Қазіргі уақытта бұл мәселемен полиция айналысып жатыр.
