ru24.pro
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Мессидің құрметіне Аргентинадағы матчтер 10-минутта тоқтатылады

0

Аргентинадағы келесі турдың барлық матчінде Лионель Мессидің ұлттық құрамадағы мансабына құрмет көрсету мақсатында ойын бірінші таймның 10-минутында тоқтатылып, жанкүйерлер қол шапалақтайды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Бұл туралы кеше Аргентина футбол қауымдастығы (AFA) мәлімдеді.
Бұл шешім ерлер мен әйелдер арасындағы футбол, футзал және жағажай футболы жарыстарына қатысты қабылданды.

"Келесі турда барлық санаттағы ерлер мен әйелдер пәндері бойынша - футбол, футзал және жағажай футболында - матч бірінші таймның 10-минутында тоқтатылады. Одан кейін Лионель Мессидің Аргентина құрамасындағы мансабын мойындау белгісі ретінде бір минут бойы қол шапалақтау рәсімі өтеді", - делінген қауымдастық сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Сонымен қатар экрандармен жабдықталған стадиондарда матчтер басталғанға дейін Аргентина футбол қауымдастығының ресми бейнеролигі көрсетілуі тиіс.
Мессидің Аргентина құрамасындағы ойын нөмірі - 10.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Интер Майамидің" 39 жастағы шабуылшысы Лионель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтайтынын хабарлаған болатын. Оның айтуынша, командадан кету туралы шешімді ол 21 шілдеде, әлем чемпионатында Испаниядан жеңілгеннен кейін бірнеше күн өткен соң қабылдаған.
Месси ұлттық құрама сапында 207 матч өткізіп, 125 гол соқты. Осы уақыт ішінде ол 2022 жылғы әлем чемпионы, 2021 және 2024 жылдардағы Америка кубогының иегері, 2022 жылғы Финалиссима жеңімпазы және 2008 жылғы Олимпиада чемпионы атанды.