Құрылтай сайлауы: алдын ала нәтиже жарияланды
Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауы бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.24 тамыз таңертеңгі жағдай бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелері келесідей:
"Әділет" партиясы - 71,17 пайыз;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 5,11 пайыз;"Байтақ" жасылдар партиясы - 1,7 пайыз;Қазақстанның халық партиясы (ҚХП) - 3,10 пайыз;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 6,26 пайыз;"Ақ жол" демократиялық партиясы - 5,21 пайыз;
Respublica - 5,56 пайыз;
"Барлығына қарсымын" - 2,51 пайыз.
Партиялар Құрылтайға өту үшін жалпы дауыс берушілер санының кемінде 5 пайызын жинауы тиіс болатын.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, сайлаушылардың жалпы саны 12 623 289 адам болған. Сайлауға 9 351 539 адам немесе тізімге енгізілген азаматтардың 73,8 пайызы қатысты.
ОСК мәліметі
Еске салайық: Құрылтай депутаттарының сайлауы жексенбі, 23 тамызда сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтті. Орталық сайлау комиссиясы мәліметінше, сағат 20:00-дегі алдын ала қатысу көрсеткіші 74,19 пайыз болды. Барлығы 9 352 151 адам дауыс берді.
Бұған дейін экзитпол нәтижелері жарияланған болатын.
Сайлау қорытындысы қашан жарияланады?
Елімізде сайлау учаскелері жабылғаннан кейін бірден дауыстарды санау басталды. Содан кейін аумақтық комиссиялар ОСК-ға нәтижелер бойынша есеп береді. Орталық сайлау комиссиясы қорытындыны арнайы отырыста шығарады.
Соңғы қорытындылар 30 тамызға дейін белгілі болады.
Бұған дейін біз Құрылтай сайлауында кімдердің бірінші болып дауыс бергені туралы жазған болатынбыз. Токиода бір студент дауыс беруге қазақ биінің киімін киіп келді.
