ru24.pro
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28
29
30
31

Иран Мекке келісіміне қатысты мәлімдеме жасады

0

Иран "Мекке қорғаныс келісімі" деп аталатын құжатқа қосылу туралы шақырту алған жоқ. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Багаи мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін Иран парламенті ақпарат агенттігінің басшысы Мехди Рахими Иран Мекке ұжымдық қорғаныс келісіміне мүше болуға шақырту алғаны туралы айтқан болатын. Оның сөзінше, бұл мәселе қазір қарастырылу сатысында.

Баспасөз мәслихаты кезінде Багаи Тегеран мұндай шақырту алмағанын мәлімдеді. Десе де, оның айтуынша, Иранға осы елдермен аймақтағы ұжымдық қауіпсіздік мәселелері бойынша диалог орнату ұсынылған.

Сондай-ақ Иран СІМ өкілі Ормуз бұғазының ашықтығы және ол арқылы күн сайын миллиондаған баррель мұнай экспортталатыны туралы хабарларды "медиалық және үгіт-насихат соғысы" деп атады.

Еске сала кетейік, 7 тамызда Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан қорғаныс саласындағы жаңа үшжақты келісімге қол қойды. Ресми түрде Мекке келісімі деп аталған құжат үш елдің біріне қарулы шабуыл жасалған жағдайда өзара қолдау көрсетуді көздейді.